бейбіт сейдуалиева биография год рождения
Бейбіт Сейдуалиева: Көзімше Тоқтардың ернінен сүйіп кеткен қыздар болды
Бейбіт Сейдуалиева жары Тоқтармен 20 жасында танысқан. Екеуі қыз-жігіт болып 7 жыл жүргенімен, мұны ұзақ уақыт бойы халықтан жасырған. Сол аралықта Тоқтарға да, Бейбітке де сезімін білдірген қыз-жігіттер көп болыпты. Бұл туралы Сейдуалиева «Жұлдыздың жары» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Серіков бір көргеннен ұнатқан арудың жүрегін жаулау үшін неше түрлі әрекетке барған көрінеді. Бірде елдің алдында жыр арнаса, келесіде «сені түсімде көрдім, екеуміз қол ұстасып жүріппіз» деп алдаған.
«Мені қарату үшін неше түрлі жалған әңгімелер айтты. Аузым ашылып, сеніп қалдым», – деді Бейбіт.
Жұлдызды жұп біраз уақытқа дейін қарым-қатынасын жұрттан жасырып келген. Сейдуалиева ата-анадан, туған-туыстан ұялғанын жеткізді. Екеуінің де басы бос деп ойласа керек, фанаттар Тоқтарға да, Бейбітке де хат жазып, маза бермеген көрінеді.
«Тоқтарға келген хаттарды бірге оқитынбыз. Ол – өнер адамы ғой. Неге қызғанамын? Маған да хат жазып, тіпті Тоқтардың өзінен телефонымды сұраған жігіттер болды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Біз сол үшін жаралдық қой. Халыққа ұнау үшін, көзіне әдемі болып көріну үшін. Өнер не істетпеді? Бірақ әрі ешқайда кете қойған жоқпыз. Түзу жолмен жүрдік. Ешбір қауесетке, жаман атқа ілінген жоқпыз.
Қыздар көп болды. Көзімше бетінен де, ернінен де сүйіп алған қыздар болды. Жағасын жұлып әкеткен қыздар да болды. Ол – өнер. Өнерде бәрі болады. Қызғана берсең, сыйластық та, ештеңе де қалмайды. Адам өзін меңгере білу, өзін ұстай білу керек», – деді Бейбіт.
«Өнер табыстырған жұлдызды жұп» Тоқтар мен Бейбіт туралы не білеміз?
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева – өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай жүрген қос әнші. 2000 жылдардың басында танысқан жұлдызды жұп жеті жылдан кейін шаңырақ көтеріп, қазір көпке үлгілі отбасы, алтын асықтай төрт ұл тәрбиелеп отырған жайы бар.
Тоқтар Серіков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1999 жылы қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Әнші, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, сазгер. Әкесі осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған, ал анасы Маруся Назарбекқызы Алматыға немерелерін көруге жиі келіп тұрады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген, бірақ бүгінде тек тоғыз баласы ғана қасында. Әншінің әке-шешесі өнерден құр алақан емес, марқұм әкесі жас кезінде тойларда асаба болып, домбыра тартқан өнерлі жан болған екен.
Тоқтар Серіковтің аяулы жары Бейбіт Сейдуалиева 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. Тараз қаласындағы М.Дулати атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған. Бейбіт те Тоқтар сияқты көп балалы отбасынан шыққан. Анасы біраз жыл бұрын дүниеден озған, ал әкесі екінші рет шаңырақ көтеріпті.
Бұл жұлдызды жұпты өнер табыстырды десе де болады. Ерлі-зайыпты алғаш рет Алматыда өткен «Нұр-Мұқасан» тобының концертінде танысады. Ол кезде Тоқтар Серіковтің енді ғана аты шығып, елге таныла бастаған шағы.
Алғашқы таныстықтан кейін қос әнші ұзақ уақыт аға-қарындас болып араласады. Бірде Тоқтар Серіков концертінде қыз баламен қосылып, ән айтпақшы болып, өзіне жақсы жұп болатын әншіні іздей бастайды. Ұзақ ойланып, өнердегі ағаларымен ақылдаса келе, таңдауы Бейбітке түседі. Сөйтіп екеуі алғаш рет дуэт болып, «Өзің ғана» деген әнді шырқайды.
«Кукла Борбиге» айналған Бейбіт
Бейбіт Сейдуалиева орыс тілді балабақшаға барып, орыс мектебін тәмамдаған екен. Содан болса керек, қазақ тілін жетік білмей, ана тілінде ойын толық жеткізе алмайтын кездері болған. Тіпті қазақша әндердің сөзін марқұм анасы орысшаға аударып, мағынасын түсіндірген екен.
Ал «кукла Барби» емес, Борби атануын әнші былай деп күліп еске алады:
Бейбіт Сейдуалиева: Отбасылық өмірімізде қиындықтар аз болмады
«Zhuldyz.tv» арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасының кезекті қонағы болып келген Бейбіт Сейдуалиева әңгіме барысында жан сырымен бөлісті. «Отбасылық өмірімізде қиындықтар аз болмады» деген әнші жары Тоқтар Серіков екеуінің арасына түскендер туралы айтты.
«Шыны керек, қарсы қойып, арамызды бұзушылар болды. Екеумізді болар-болмас сөзге бола екі жаққа бөліп, ажырастырып жіберген күндер де бар. Бір таңғалғаным, құдайдың бұйрығы деген керемет бір нәрсе бар. Алла тағала ол адамды сенің жарың болуға бұйыртып, өмір бойына бірге болуды жазса, сен ешқайда кетпейді екенсің.Қанша қиыншылық болып жатса да, қанша «көрмегенім сол болсын» деп, қиылысатын жолдардан ары-бері қашып жүргенде бәрібір айналып келіп топ еткізіп кездестіріп қояды екен. Сондай сәттер бізде өте көп болды«, — деді Бейбіт Сейдуалиева.
Бейбіт пен Тоқтардың махаббатарына халық та куә болған. Екеуін таныстарған да, табыстырған да киелі сахна. Қазір өмірде де, өнерде де бірге жүрген отбасының 3 торсықтай ұлдары бар. Үлкен ұлдары Беколжасты халық «Жұлдызды отбасы» бағдарламасынан таниды. Одан кейін Бейбіт өмірге Әлинұр, Сағинұр есімді егіз ұлдарды алып келді. Әншілер өнерден бөлек, жеке бизнеспен де айналысады.
Бейбит Сейдуалиева
Видео исполнителя Бейбит Сейдуалиева
Источник: YouTube.comРекомендуемые треки
Новости от ZaycevNews
50 Cent снимет сериал про Snoop Dogg
Американский рэпер 50 Cent собирается снять сериал про Snoop Dogg. Об этом он рассказал на своей странице в Instagram.
Теперь 50 Cent собирается экранизировать скандальное судебное дело 1993 года, участником которого стал Snoop Dog. Задумка выглядит многообещающе!
О сроках выхода сериала, дате начала съемок и актерском составе пока не сообщалось.
Напомним, в 90-е незадолго до релиза дебютного альбома хип-хоп исполнителя «Doggystyle» Кельвина Бродуса и его охранника Маккинли Ли арестовали по обвинению в убийстве члена конкурирующей уличной банды Филиппа Вольдермана. Судебные тяжбы по этому делу заняли три года. В итоге и Бродуса, и Ли оправдали, посчитав действия рэпера и его охранника самообороной.
О процессе уже снят фильм «Murder Was The Case» («Дело было в убийстве»), названный в честь одной из самых знаменитых песен в творчестве Snoop Dogg.
Больше интересной информации из биографии Snoop Dogg — на ZAYCEV NEWS.
© ООО «ЗАЙЦЕВ.НЕТ», 2004-2021
Средство массовой коммуникации «ZAYCEV.NET».
Выходные данные
125315, г. Москва, ул. Лизы Чайкиной 6
+7 (985) 211-85-11 По общим вопросам:
admin@zaycev.net По вопросам взаимодействия с Правообладателями
e-mail: legal@zaycev.net подписаться на нас:



