бауыржан момышлы биография казакша

Бауыржан Момышұлының өмірбаяны

Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ (Көлбастау) ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуіріндегі интернатта тәрбие алады. 1929 жылы «Әулие Ата» тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдаған соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.

Әскери өмірі мен соғыс жылдары.

1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. Әскери дайындық кезінде білім алып, мергендік өнерге машықтанады. 1933 жылы полктық мектепті бітіреді. 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп (Ленинградтың қаржы академиясында қысқа мерзімдік курстан өтеді), банк саласында қызмет етеді.

1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шақырылып әскери қызметтер атқарады. Ол ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның командирі болады.

Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрғаны кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің командирі қызметінде болады. Алайда, 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздары жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды. Ары қарай қайнаған соғыс майданы басталып кетеді.

Ержүрек сардардың батырлығын танытқан майдандар аз емес. Солардың ең ерекшесі 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 19-шы гвардиялық атқыштар полкына командир болады. Оның полкы жұдырықтай жұмылып, фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғаны үшін, шешуші кездерде жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин Орденімен марапатталады. Мәскеуді қорғау майданының Крюкова шайқастарында жарақат алып, біраз уақыт госпитальда жатады.

1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизияның солдаттары қарсыластарының қорғаныс шебін тасталқан етеді. Сондай-ақ, ұрыстың нәтижесінде 15 елді-мекен жаудан азат етіліп, жаудың әскеріне солдаттар жағынан және әскери техника жағынан үлкен шығын келтіреді.

Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттары.

1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі.

1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады.

Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту ордені мен (2 рет)», «Ленин», «Отан Соғысы» ордендерімен, «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» орден және медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен «Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысындағы ерліктері үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын беру туралы» жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады.

Соғыстан кейінгі жылдардағы Бауыржан Момышұлы.

1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап «Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету» әскери академиясында аға оқытушы болып қызмет етті. 1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б.Момышұлы Қазақ Кср Жазушылар одағының мүшесі болды.

1982 жылы 10-маусымда Алматыда батыр Бауыржан дүниеден өтті.

Бауыржан Момышұлының әдебиетке араласуы.

Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.

Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың авторы ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы. А.Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.

Бауыржан Момышұлы – «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас» әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды. «Москва үшін шайқас» шығармасы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының жалғасы болып табылады.

Бауыржан батыр шындықты жақсы көретін адам болған. Онымен бірге болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады.

Б.Момышұлы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» повесті жазылған кезде басты кейіпкер болады. Оның әңгімедері мен еске түсірген оқиғаларын қағазға түсірген Бек болған шайқастар мен оқиғаларды қатты әсерлеп, тіпті, Кеңес әскерінің жеңіліске ұшыраған кездерін жазбай қойса керек. Сөйтіп қолжазбасын Б.Момышұлына оқытады. Оқып болған соң, А.Бекпен болған келесі бір әңгімесінде оның жазғандарының кей жері шындыққа жанаспайтындығын және шындықты шындық етіп жазу керек екендігін айтады.

Отан соғысының ардагері Алексей Абрамов Момышұлы жайлы былай дейді: Тарихқа Клочковтың «Ресей ұлан – ғайыр, артымызда Мәскеу, шегінерге жер жоқ» деген сөзі кірген. Осындай ұлы сөзді Бауыржан Момышұлы айтқан. Ол алдында жатқан картаны өртеп жіберіп, «Бізге Мәскеуден ары батысқа қарай карта керек емес, не жаудың бетін қайтарамыз, не осы жерде өлеміз» деген. Бұл Ұлы жауынгерлердің қасиетті сөзі.

Батырдың нақыл сөздері:

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Қарабет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.

Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық.

Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өсті. Өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тікмінез қайсарлығын көрсете білді. Тіпті, оның тегінің өзі Момышев емес Момышұлы болатын.

Қазіргі кезде батыр ұлының құрметіне еліміздің үлкенді-кішілі әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындары, ауылдары мен көшелері батырдың атымен аталады. Тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де батырдың есімімен аталатын мектеп пен көше бар.

2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрындары жарияланбаған жазбалары және жауынгерлер әріптестері Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған.

Б.Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-диалогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы, «Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва академиялық драма теарты Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды.

Источник

Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны

Stan.kz XX ғасырдың ең жарқын тұлғасы, белгілі жазушы, ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өмірбаянын ұсынады.

бауыржан момышлы биография казакша. Momyshuly. бауыржан момышлы биография казакша фото. бауыржан момышлы биография казакша-Momyshuly. картинка бауыржан момышлы биография казакша. картинка Momyshuly. Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери жауынгер Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінің шын аты Момынәлі, бірақ халық арасында Момыш деп аталып кеткен. Ол 1911 жылы 92 жасында қайтыс болған Имаштың төртінші ұлы. Ал әжесінің есімі Қызтумас, қартайған кезінде оны Сарыкемпір, ақ әже деп атап кетті.

Әкесі Момыш 33 жасында шаңырақ көтерді. Анасы Разия Байтан руының ұрпағы Әбдірахманның қызы. Алайда, болашақ халық батыры анасынан ерте айырылды. Разия Бауыржан үш жасқа келгенде қайтыс болды. Сол себептен, Бауыржан Момышұлының ана туралы барлық ойлары негізінен әжесі мен әкесінің әңгімелерімен қалыптасты. Сондай-ақ, қазақтың батыр ұлының өзінен үлкен төрт әпкесі болды.

1929 жылы Бауыржан тоғыз жылдық Әулиеата мектебін бітіреді. 1934 жылға дейін аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, көмекшісі, сосын аудандық прокурор, аудандық діни бөлімнің меңгерушісі секілді түрлі лауазымдарды атқарды. 1932 жылдың қаңтарынан қараша айына дейін Қазақ КСР-нің «Госплан СНК» секторының меңгерушісі болды.

Бауыржан Момышұлының соғысқа дейінгі азаматтық мансабы осылай дамыды. 1934-1936 жылдары КСРО Промбанк Қазақ республикалық басқармасының аға кеңесшісі болып қызмет етеді. Сонымен қатар ол Ленинград қаржы академиясында қысқа курстарды аяқтады.

Сол жылдары бірінен кейін бірі ел өміріне елеулі соғыс оқиғалары кіре бастады. Бауыржан 1932 жылы әскери қызметке шақырылып, 14-ші тау атқыштар полкінің курсанттар қатарына алынды. 1933 жылы ол сол бөлімде взвод командирі болды. Отан алдындағы борышын өтеп шыққаннан кейін әскери жұмыстан босатылды. Ал 1936 жылы 25 наурызда Момышұлы қайтадан әскери қызметке шақырылып, Орталық Азия әскери округінің 315-ші атқыштар полкіне взвод командирі болып тағайындалды. Бір жылдан кейін оның полкі Қызыл ту Қиыр шығыс армиясының арнайы бөлімшесіне қосылып, Бауыржан жартылай ротаның командирі болды.

Соғыс басталғанға дейін Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының артиллериялық бөлімін басқарды. 1940 жылдың ақпанында Житомирге 202-ші жеке қарсы бөлімшенің командирі болып тағайындалды. 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі артиллериялық командир Алматыға жіберілді. 1941 жылдың шілде айында жаңа 316-шы атқыштар дивизиясының жаңадан құрылған штабына Қазақстан мен Қырғызстаннан қосымша әскер алына бастады.

Сонда Бауыржан Момышұлы жаңадан құрылған дивизияның 1073-ші атқыштар полкінің атқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. Осыдан бастап ол ұрыс алаңында жүрді. Солардың ерекшесі Мәскеуді қорғау шайқасы. Сол кезде панфиловшылар үшін өте маңызды сәтте, 1941 жылдың қараша айында Бауыржан Момышұлы 19-шы гвардиялық атқыштар полкіне командир болады. Аталмыш полктің басқа бөлімшелерімен бірге немістердің Мәскеуге кіруіне жол бермеді.

1941 жылы 19 желтоқсанда Момышұлы капитан болды. Капитан Бауыржан Момышұлы фашистік басқыншылармен шайқаста жеке батылдық пен шексіз ерлік көрсетті. Жауынгерлік еңбегі үшін Момышұлы жоғары мемлекеттік марапатқа – Ленин орденіне ұсынылды. Бірақ, ол бұл марапатты алмады. Калинин майданының қолбасшысының 1942 жылғы 6 маусымдағы № 0196 бұйрығымен оның бірінші марапаты Қызыл Ту ордені болады. Ержүрек қазақ батыры ұйымдастырушылық қабілеттерге ие және полк бөлімшелерінің жауынгерлік әрекеттерін шебер басқара алды. 1942 жылдың тамыз айынан бастап Момышұлы өзінің Панфилов дивизиясына командир болып барды.

1942 жылдың қазан айында Момышұлына подполковник, сегіз айдан кейін полковник атағы берілді. Алайда, Крюковка үшін шайқаста алған жарақаттың салдарынан Момышұлы біраз уақыт ауруханада жатты. 1945 жылдың 21 қаңтарында Момышұлы ІІ Балтық фронтының 6-гвардиялық армиясының 9-гвардиялық атқыштар бөлімінің командирінің орынбасары болып тағайындалды.

1945 жылдың ақпан-наурыз айларында, Приекуле станциясының солтүстік-батысында Момышұлы басқарған бөлімшелердің күшімен күшейтілген жаудың қорғаныстары бұзылды. Бөлімшенің шебер әрекет етуінің нәтижесінде 15 елді мекен жау қолынан босатылып, немістерге айтарлықтай зиян келтірілді.

Бауыржан Момышұлы үлкен әскери тәжірибе ие болды. Майданның алдыңғы қатарында бола отырып, ол тек бұйрықты ғана орындамай, әскери ғылымды едәуір байытқан өз ілімін жасады. Оның ойлары мен әрекеттері соғыстың немесе шайқастың тактикалық және стратегиялық шешімдерінен әлдеқайда кең болды.

Бауыржан Момышұлының қандай командир болғанын әскери операциялық-тактика ғылымында «Момышұлы спиралі» деп аталатын мобильді қорғаныстың арнайы термині арқылы-ақ білуге болады. Бұл тактикалық жауынгерлік техника бүкіл әлемдегі жоғары әскери оқу орындарында зерттеледі. Теориялық тұрғыдан оны Панфилов әзірледі. Бірақ іс жүзінде Бауыржан Момышұлы оны алғаш рет іске асырып және керемет қолдана алды.

Бұл ғылыми талдау тек бір мақсатта жүргізілді. Аталмыш зерттеу өз білімімен бөлісіп, соғыстан сабақ ала отырып, көптеген жылдарға елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Бауыржан Момышұлы соғыста жеңіске жетудің бір себебі ретінде психологиялық фактор идеясын ұсынды. Алайда кеңес дәуірінде бұл фактор назарға алынбағанын атап өту керек. Ол кезде Совет халқының техникасы мен қару-жарағының, жаппай ерлік көрсетуінің арқасында жеңіске жетті деп саналды. Тек соңғы уақытта ғана жергілікті жанжалдар мен соғысты талдай келе, әскерлерді моральдық-психологиялық тұрғыда қолдау туралы әңгімелер айтыла бастады. Демек, бұл Бауыржан Момышұлының стандартты емес көзқарасқа ие екенін тағы бір дәлелдеді.

1963 жылы Кубаға сапары кезінде жауынгерлік дайындық туралы дәріс оқыды. Куба қорғаныс министрі Рауль Кастромен кездесті және сол кезде оған Кубадағы революциялық қарулы күштердің 51-ші полкінің құрметті командирі атағы берілді. Тіпті, АҚШ, Куба, Израиль және Никарагуаның әскери орындарында Бауыржан Момышұлының әскери тәжірибесі зерттелуде.

Әскери ерліктерден басқа Бауыржан Момышұлы жазушы болып тағы бір ерлік жасады. Қаламды қолға алмай тұрып, ол өз мүмкіндіктері мен жауапкершілігін өлшеп алды. Себебі, кейіннен халық оны жазушы және азамат ретінде бағалайтын болды.

Оның барлық кітаптары жүректің қанымен жазылған. Соғысқа қатыстан Момышұлы майданда үлкен тәжірибе алды. Күнделік жазып, ұрыс алаңында көрген-білгенін, басынан өткен жайттарды қағазға түсірді. Ол кез-келген жағдайда қарда да, жаңбырда да және тіпті қоршауда қалған кезде де жазба жүргізді. Осылайша, ол 38 жауынгерлік жазба кітапша жазды. Онда соғыс барысы, сарбаздардың ойы мен әрекеті туралы айтылады. Оның негізгі әдеби шығармалары оқырманды шыншылдығымен таңғалдырады. «Бір түннің тарихы» оның дарынды жазушы екенін жариялаған алғашқы туындысы.

Ал Бауыржан Момышұлының әдебиетке қалай кіргені жайлы айтатын болсақ, ол әдебиет әлеміне ерекше кірді. Оқырмандар алғаш рет онымен жазушы емес, өнер туындысының кейіпкері ретінде танысты. Бұл Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» повесі еді. Бұл оқиғаның басты кейіпкері – панфиловшы офицер, Мәскеуді қорғауға қатысқан батыр, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы болды. Александр Бек осы кітапты батырдың әңгімелері мен естеліктері негізінде құрастырған.

Соғыста көрген-білгенін үнемі қағаз бетіне түсіріп жүрген Бауыржан Момышұлы халыққа Ұлы Отан соғысының батыры ретінде ғана емес, сондай-ақ шебер жазушы болып танылды. Ол майдандағы естеліктері жайлы «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Артымызда Москва» секілді көптеген кітаптар мен әңгімелер жазды. Момышұлы генерал Панфилов туралы жазылған «Генерал Панфилов» өмірбаяндық әңгімелер мен «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Адам қайраты», «Елбасына күн туса секілді» кітаптардың авторы. Сондай-ақ, Момышұлы 1976 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Ол «Кубадағы кездесулер» және басқа да саяхатқа қатысты очерктер жазған.

Осылайша, майданда шексіз ерлік көрсеткен полковник Момышұлы екі рет бірінші дәрежелі «Қызыл Ту орденімен, «Ленин» және «Отан Соғысы» ордендерімен, «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» орден, медальдарымен марапатталды.

Ал 1990 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың табандылығының арқасында одақ тарағанға дейін, Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағын беру туралы жарлыққа қол қойылды.

Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы үш рет шаңырақ көтерген. Бірінші әйелі Жамал Бұқаевадан жазушы Бақытжан Бауыржанұлы Момышұлы дүниеге келді. Халық батырының тұңғышынан Ержае есімді немересі мен Нұрсұлтан, Мадияр атты шөберелері бар.

Екінші әйелі Жамал Қалибекқызы Қуанышбаевадан Рамзан есімді ұлы болды. Ал үшінші әйелінің есімі Ғайникамал Баубекова. Бауыржан Момышұлы үшінші рет 1961 жылы үйленіп, Ғайникамал Баубековамен 12 жыл, жұбайы қайтыс болғанға дейін бірге өмір сүрді.

Источник

Бауыржан Момышұлы туралы сіз білмейтін қызықты 13 дерек

бауыржан момышлы биография казакша. fe8039501f4f2bf2. бауыржан момышлы биография казакша фото. бауыржан момышлы биография казакша-fe8039501f4f2bf2. картинка бауыржан момышлы биография казакша. картинка fe8039501f4f2bf2. Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Фото: madeniportal.kz, odb-abai.kz, flickr.com Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының сұрапыл соғыстағы ерлігі қазақстандықтарға ғана емес алыс-жақын шетелдегі жұртқа да мәлім. Даңқты қолбасшының ерлігі мен өсиет сөздері әлі күнге дейін өскелең ұрпаққа айтылып келеді. Алайда, батырдың өміріндегі қызықты жайттардан көпшілік хабарсыз. Осы орайда Мәдениет порталы назарларыңызға Бауыржан Момышұлы туралы сіз білмейтін 13 деректі ұсынады.

1. Бауыржан Момышұлы 24 желтоқсан күні дүниеге келген. Қыстың әбден қаһарына мініп тұратын шағында өмірге келуі оның өміріне да аса ықпалы болған. Содан болар, қарапайым өмірде сабырлы, ал майдан алаңында аса қатал болған деседі. Бауыржан Момышұлының бала кезде «Шаңтимес» деген лақап аты болған. Бұл жайлы біреу білсе, бірі білмес.

2. Елге ержүрек жауынгер ретінде танылған азамат өз еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Ол 1928-1930 жылдар аралығында бастауыш мектепте сабақ берген.

3. Момышұлы табиғатынан жаңа дүниені тез үйренгіш әрі жылдам игергіш болған. Әр түрлі салаға тез бейімделгіш қабілетінің арқасында ол Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болып та жұмыс істеген. Қаржылық сауатты қазақ батыры әскери саланы тастамай-ақ қатар алып жүрді.

4. Соғысқа дейінгі кезеңде ол әскерде талай адамды өз өнерімен тәнті еткен. Ат үстінде қылышпен ойын көрсетуде асқан ептілік танытып, Буденныйдың көзіне түскен.

5. Момышұлы Ұлы Отан соғысына генерал-майор Панфилов басқарған әйгілі дивизияның құрамында 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысқан.

6. Даңқты қолбасшы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірді.

7. 1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, т.б. ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы дәрістің стенограммасы кейін «Соғыс психология» деген атпен кітап болып басылып шықты.

8. Талай адамның өмірін қиған соғыста дивизия басқарған екі қазақ ғана болған. Бірі – Бауыржан Момышұлы болса, екіншісі – Әбілқайыр Баймолдин.

9. Соғыстан кейінгі 1950-1955 жылдары Момышұлы полковник шенімен кеңес әскері әскери академиясында сабақ берді. Кеңес одағының генералдары өз алдында дәріс оқыған асқан стратег, психолог, шешен, тапқыр полковниктің кәсібилігін бірден мойындаған. Бауыржан Момышұлы әйгілі қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевты өз көзімен көргенін айтты.

10. 1962 жылы Момышұлы Фидель Кастроның арнайы шақыруымен Куба еліне барады. Араға бір жыл салып, тағы бірнеше шақырту алып арнайы сапарымен қайта барып қайтқан. Бір айта кетерлігі, Куба елінің саяси күрескері Ф. Кастро түрмеде жатқан шағында Момышұлының кітаптары оның көзқарасының нығаюына ықпал еткенін айтады.

11. Елге оралған соң, Қорғаныс комиссариатына (қазіргіше министрлік) басшылықтан ойы болған. Алайда елдегі науқаншылдық оған жол бермеді. Тіпті ректор Өмірбек Жолдасбеков Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған деседі.

12. Кейін Момышұлы толығымен шығармашылыққа бет бұрды. Ол өз өміріндегі көрген білгендеріне сүйене кітап жаза бастады. Қолбасшы еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығарған.

13. Момышұлы өмірінде бірнеше рет үйленіп, шаңырақ көтерген. Алғашқы жұбайы Бибіжамал Мұқанқызынан Бақытжан есімді ұлы дүниеге келген. Ұлы да жазушылықпен айналысқан.

Екінші әйелі Вера Строева Бауыржанның әдебиетке келуіне әсер еткен. Клавдия Коркина атты сыған қызымен бас құрап, одан Елена Бауыржанқызы деген перзент сүйген. Тағы бір әйелі Бақытжамал Қалибекқызымен 13 жыл бірге тұрған.

Источник

Бауыржан момыш?лы биография казакша

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Батырдан қалған өсиет

Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі екен.

Бұл іспен Әсем Садықова мектепте жүрген кезінен айналысқан екен десек, бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің үшінші курс студенті жинақтаған Баукеңнің қанатты сөздерінің басы әжептеуір құралып қалыпты. Өзінің айтуынша, жас зерттеуші бұл сөздерді батыр атасының қолына түскен шығармаларынан түзген. Біраз кітаптары, түрлі баспасөзде жарияланған шығармалары оған жетпегені де анық. Батырдың туғанына жүз жыл толуына орай оның 30 томдық шығармалар жинағы шығатынын естіген Әсем бұл ісін одан әрі жалғастыратынын айтады. Әзірге жас зерттеуші жинаған Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Ерлік – тәрбие жемісі.

Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.

Солдаттың анасы – Отанның анасы.

Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.

Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.

Соғыстың заңы – өте қатал заң.

Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.

Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.

Жалтақтардың көбі ақымақ, әкімқұмар келеді.

Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.

Символдық сыйлықтарды қара бастың құлқынына құрбан ету – қасиетсіздік.

Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.

Адамның көзқарасы мен түрі – жан дүниесінің рентгені.

Орынды зіркілдеу – сабақ, орынсыз зіркілдеу – азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

Отанда опасызға орын жоқ.

Отаның үшін отқа түс – күймейсің.

Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.

Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

Тәртіпті – елдің ұлы.

Белдескеннің белін сындыр,

Тірескеннің тізесін бүктір!

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

Қарабет болып қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық.

Берік болмай ерік жоқ.

Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,

Бойға қуат бітіреді.

Өмір үшін өлгенше күрес.

Тәртіпке бас иген құл болмайды,

Тәртіпсіз ер болмайды.

Өжеттіліктен не пайда,

Көпті батыр етпесе.

Ерлік елеусіз қалмасын.

Жауыңды жапыра біл,

Қиын сәтте тізгініңді босатпай, шапшаң да шебер қимылда.

Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.

Ұрыста тәуекел ету де – ерлік.

Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта,

солдаттық борышыңа адал бол.

Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз.

Адамның көтеріңкі көңіл-күйі – ұрыста ең айбарлы қару.

Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.

Ашуыңа ақылыңды жеңдірме, өз сабаңнан шығып кетпе.

Әрбір бұйрықтың орындалуы – бұлжымас шарт.

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.

Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады.

Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер.

Кішіпейілділік – адамгершілік көркі.

Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей.

Тексізден тезек артық, арсыздан айуан артық.

Өзін аяған – дұшпанға дос.

Жанын аяған – тәніне жау.

Қырағының өзі де, көзі де батыр.

Әркім әр жағдайда өледі, ақымақ та, ақылды да өледі.

Бірақ, қалай өлу басқаша.

Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.

Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.

Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.

Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.

Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.

Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.

Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемшілігі.

Ұшқынсыз от тұтанбас.

Қашу – жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.

Мейірім болмаса сүйе де алмайсың.

Бұйрық – алғыр басшының ой-арманы.

Әскерсіз–қолбасшы қауқарсыз, басшысыз – әскер әлсіз.

Адамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.

Қорқақ – дөрекі әрі ақымақ.

Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді,

қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.

Атқа мініп жүре алмайтынға жуас та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді – барлық сылтауды жайып салады.

Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып тұрады.

Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ,

алғыр ой ажыратады.

Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді.

Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.

Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен, әділдіктің ащы уын ішкен артық.

Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық.

Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.

Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды,

ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.

Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.

Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.

Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың.

Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.

Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.

Жақсы командир жауынгерін зор етеді,

жаман командир офицерін қор етеді.

Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары.

Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.

Опынғаныңды айтпа, одан кейінгі ойланғаныңды айт.

Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз.

Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.

Жақсы бастық – жарты бақыт.

Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.

Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.

Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.

Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

Елін сүйген жауынгер ер болады.

Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.

Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

Ананың әлдиін білмеген – ұл болмайды,

Уставты білмеген – солдат болмайды.

Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.

Қайрат – қамал бұзады.

Қар ерігенмен, Қаратау ерімейді.

Ер өледі, ел қалады.

Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.

Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ.

Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.

Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке.

Айдындана шапқаннан ажал да сескенеді.

Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық.

Біздің заманда бейқам кісі ғана түрін жасқа бермейді. Күрес, бейнет, ой күйігі, ашу-ыза адамдардың бетіне қашан да із түсіреді.

Дұрыс аударма жасау үлкен өнер. Тілдің нәзік сырларын білмей аудару мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады.

Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.

Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.

Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.

Үлкен бастықтың қатаң сөккенінен гөрі де адамды өзінің ары сөгуі күшті.

Заттар мен құбылыстарды танитын күш-ақыл деп аталады. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді.

Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады – яғни, дереу әрекет жасауға итермелейді.

Алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету – соғыста ең сорақы бақытсыздық, қауіпті өтірік.

Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.

Олжа – елге сауға, атақ – ерге сауға.

Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден-бір құрал – қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік.

Жалпы мықты ерік-жігер – жеңіс серігі.

Әлсіз ерік-жігер – жеңіліске ұшыраудың хабаршысы.

Мінезсіздік – ойлаудың айқын еместігі.

Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.

Билік те қауіпті. Егер билік ақылды адамның қолына берілген болса – онда ақылды басшыға, ал егер ақымаққа берілген болса – онда есерсоққа айналады.

Соғыс – өмір мен өлімнің арасындағы қыл көпір.

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

Адал болмай азаматпын демегін.

Атағыңа ақылың сай келсе ғана сыйлы боласың.

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың.

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық!

Дәмді, дәстүрді сыйламай өскен балалардың қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр.

Жаяу әскер – ұрыста шешуші күш.

Солдаттың алғашқы ерлігі – бұл офицердің еркіне мойын ұсыну, бағыну. Офицердің алғашқы ерлігі – халықтың атынан, мемлекеттің атынан әмір ете білу.

Халықтың атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу – жауынгерлік құрмет көрсету.

Армиядағы ең қиын шаруа – мойынсұну, бағына білушілік. Әмір ету – мойынсұнуға қарағанда одан да қиынырақ іс.

Ойланып тұжырым жасау ойлаған нәрсені орындағаннан күрделірек.

Жауынгерлік бақыт ұрыста командирге кездейсоқ келмейді, жеңіспен келеді.

Өз міндетін ойлы көзбен қарау – командир қызметінің творчестволық негізі.

Қаталдық әділ болсын, ешуақытта адамның бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп, қорламайтындай болсын.

Қаталдық азаматтық мінез-құлық нормасы шегінен асып кетпеуі қажет.

Командир –жеңістің атасы, табандылықтың жан-жүйесі, тұтқасы, коллективтің абыройы.

Көзсіздік – батырлық емес, есерсоқтық.

Командир көзсіздік жасап батылдық, батырлық, табандылық көрсетпей, есті бола алмаса керек.

Түсіну талдаудан гөрі әлдеқайда күрделірек.

Ең қиыны – шыдамдылық, төзімділік, байсалдылық пен сабырлылық көрсету, творчестволық тұрғыдан дұрыс, парасатты ойлай білу.

Ұлттық рух – ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті.

Ұлттық мақтаныш – ұлт ішіндегі жеке адам үшін мызғымас әрі қасиетті заң.

Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген.

Айбарлы адам тек айбарлы адамды ғана сыйлай алса керек, оның жасық жанды құрметтемесі әбден заңды.

Кір-қоқыс адамды аздырып, тоздырады.

Жеке мақтаныш сезімі ерлікті тудырады.

Жасық жан ержүрек бола алмайды.

Ол жанқиярлық ерлік жасауға да қабілетсіз.

Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Көнтерілілік, көнбістік – асқақ адамның сергек ойына тұсау.

Ойлау дегеніміз – алған әсерді біртіндеп ендей отырып,

объективті шындықты бейнелейтін танымның жоғарғы сатысы.

Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады,

бойға қуат береді, дереу әрекет жасауға итермелейді.

Күдік – қорқыныштың бір түрі.

Жеке тәжірибе – ұлы іс, ол санада терең із қалдырады.

Әскери істе ес тәжірибені негіздеуге қызмет етеді.

Зерігу қызмет орнына, табиғаты келмейтін жұмысқа бейімділігіне,

қабілетіне қарамай тағайындай салушылықтан келіп туады.

Екіжүзділік – жалған жаны ашушылық, түсінушілік, ұғынушылық,

пікірлестік, өтірік нәрсені шын деп, шынды жасырып көрсетушілік.

Парыз алға қойған міндеттен туады, яғни, міндет адамға парызды жүктейді.

Сондықтан да парыз бен міндет адамның қызмет әрекетінде де әр түрлі.

Адамның жан-тәніне түсетін жөнсіз сын мен ауыртпалықтан,

арып-ашу мен қажудан мүмкіндігінше аулақ болған жөн.

Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету – намыс деп аталады.

Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық.

Жігерлендіру дегеніміз – рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй.

Адамның басына түскен қайғыны бөлісе білушілік адамның бойында коллектившілдік сезімді тәрбиелеудің нәтижесі.

Ешқашан өмірде үміттене алмаған адам ғана үмітін үзе алады.

Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті.

Ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық, антогонизм жатады, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән.

Кімде-кім мәдениеттің негізін бөлшектеуге жол берсе, ол адамға барлық жағынан айып пен әділ кінә тағылуға тиіс.

Басқалардың тасының өрге домалауы, күш-қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ, материалдық игілігі күншілдік сезімін тудырады.

Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады.

Сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына да тұрмайды.

Күншіл – қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім.

Тобыр – армия емес, армия да – тобыр емес.

Ұйымшылдық бірлесіп ортақ міндет пен мақсатты орындауға ақылды, ерік-жігерді жұмылдыруға мүмкіндік жасайды.

Ұрыс даласында басшы – сөздің адамы емес, тікелей іс-қимылдың адамы болуы керек.

Жалпы мықты ерік-жігер – жеңіс серігі.

Әлсіз ерік-жігер – жеңіліске ұшыраудың хабаршысы.

Ерік дегеніміз – қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал.

Кез келген адамға батырдай болсам деген ниет, еліктеу тән.

Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.

Әскери бөлімнің күші жауынгерлік достық пен жолдастық бірлікте, ынтымақта.

Жауынгерлік достықтағы басты нәрсе – өзара түсіністік, адамның адамгершілігін құрметтеп сыйлай білушілік.

Қарапайымдылық екі жақты мән-мағына береді: қарапайым деген сөз бір жағынан – тереңдікті, екінші жағынан – бос, қуыс деген ұғымды, басқаша айтқанда, қарапайым әрі ақылды немесе қарапайым әрі ақымақ дегенді білдіреді.

Бір жақтылық – офицердің міні, кемшілігі.

Қостай берушілік – әлсіздік.

Өзің мерт болғаннан гөрі өлтіру қиынырақ.

Ашумен емес, ақылмен үйрету керек.

Ақылдылар үшін атақ-даңқ – бұл зіл батпан жүк.

Атақ-даңқ барып тұрған ақымақ болуға итереді.

Егер атақ-даңқты көтере алмай ақымақтана, есіре түссе, бұл адамның жағымсыз көлеңкелі жағы.

Егер адам белгілі, танымал бола бастаса, ол образға, өзінің жеке “мені” енді өзіне тән болмайтын адамға айнала бастайды.

Қалың солдат та әбден қалыптасқан халық.

Өлімге асықпай, ұрыс жүргізуді үйрен.

Ұрыс жүргізе жүріп үйрен, шыңдала, әрі батылдана түс.

Жеке үлгі-өнеге ұрыста басқару құралы болып табылады.

Адамдарды шабуылға бастап көтеруден ең ауыр міндет жоқ.

Нағыз солдат болу оңай емес.

Әділетсіздік ашу-ыза туғызады.

Ғасырлар бойы сеңі бұзылмайтын өтірік болады. Бірақ та, бәрі бір өтірік әшкереленеді.

Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс.

Кітап – әлемнің азаматы.

Шындық – суреткердің ұлы міндеті.

Кез келген кітаптың басты мақсаты – ағарту.

Өтірік – зиян, кесір.

Ерліктің атаусыз кетуі – халықтың трагедиясы.

Үйрену, шынығу әрі есею үшін соғыса біл.

Өзін-өзі дәріптеушілік – өз күші мен қабілетін тым асыра бағалаушылық.

Мадақтау мен жазалауды қадірін кетіріп жөнсіз қолданба.

Соғыста зиян алып келушілік – бұл жөнсіз төгілген қан, ақтаусыз кісі өлімі.

Сын сағатта, ауыр күндерде бауырмалдық пен ынтымақтастық нығаяды, бекиді, қатая түседі.

Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды.

Соғыс ұзақ жылдарға Отанның тағдырын, соғысып жатқан халықтың тағдырын шешеді.

Соғыс – халықтың күш-қуатын, ерлік-жігерін сынайтын ұлы емтихан.

Әдебиет, музыка, живопись – барлық ұлы да тамаша нәрселерді нақты бейнелейді, ол ата-бабаларымыздың даналық сөздері мен олардың еңбектері – өмірді танудағы нақты, күшті, мықты құрал, күрестің күшті қаруы болып табылады.

Техника қаншама жетілгенмен, дамығанымен, бәрібір күрестің құралы ретінде қалады.

Адамның жан-дүниесі – ұрыста ең қатерлі, көзге көрінбейтін қару. Жан дүниесіне заң бойынша бірінші орын тиесілі, оған күш-қуаты жағынан теңесер күрес құралы жоқ және болмайды да.

Адам бойындағы басты сезім – парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.

Өнер ертеден-ақ халықтың өмір-тіршілігін, күресі мен жақсылыққа деген арман-үмітін бейнелей отырып, халықтың сана-сезімін дамытуда ерекше мәні болған.

Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да.

Көзсіз батыр да, шектен шыққан қорқақ та жоқ.

Қорқақтық болмаса, ерлік те болмаған болар еді.

Ерлік дегеніміз әскери тәрбиенің, ширыққан ішкі күрестің, ең алдымен адамның өзін жеңе білген күресінің нәтижесі.

Өтірік – барып тұрған зиянды у.

Шындық – парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады.

Өз парызын саналы түрде түсіну ғана солдатты бәрінен де жоғары қояды.

Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты, адам неге қабілетті болса, соған, барлық ұлы және тамаша нәрселерге қабілетін арттыра түседі.

Парыздан биік шың жоқ.

Парыз – арман мен даңқ шыңы.

Болған оқиғаны шын мәнінде болған күйіндегідей етіп суреттеу, көрсету – бұл тұрпайылық, үстірттік емес, бұл да өнер.

Күрестің мән-мағынасын терең көркемдікпен ашып көрсету – хас суреткердің ұлы міндеті мен парызы.

Қатал соғыстағы адамдар – шығарманың материалы. Олардың бейнелері мен портреттері – ғасырлар бойы өзінің терең мәнін жоймайтын дәуір мен халықтың мүсіндік бейнесі, себебі олар қайталанбайтын уақыт пен жағдайларда жасалынған.

Соғыс өзімізді өзіміз және басқаларды тануға бейнебір таным айнасы болды.

Сақтық жасай отырып, батыл түрде қимылдау – батырдың басты қасиеті.

Соғыстың мәңгілік тақырыбы қасиетті төгілген қан болып қала береді.

Тек әділдіктің күшінің арқасында ғана әділ жандардың әділеттілігі өмірден орын алады.

Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

Ерлікті оның мерт болуынан іздемей, оның өзінен іздеу керек.

Қызғаныштың үш түрі бар: жеке бастың қызғаншы, ұлттық қызғаныш сезімі және Отанға деген сүйіспеншіліктен туатын қызғаныш сезімі.

Ұрыс идеалы дегеніміз – бұл ұрысты шығынсыз жеңіп шығу.

Ұрыс өнері дегеніміз – бұл ұрысты азырақ шығынмен жеңіп шығу деген сөз.

Қаны тамып тұрған шындықты табу оңай емес, ал оны жинақтау одан да қиын.

Ұрыста бәрі тексеріледі, адамның барлық жеке қасиеттері сынға түседі.

Жалғандық оқтың астында шыдас бермейді.

Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар.

Өз еркімен қорқынышты ешкім де жеңе алмайды, тек қана мәжбүр ету жолымен ғана жеңуге болады.

Ар өмірден қымбат, масқаралық пен абыройсыздық өлімнен жаман – нағыз солдаттың ар-ұяты кез келген сыртқы мәжбүр етуден де қатал.

Қорқынышпен күресте ерлік, жеңістің нәтижесінде парыз сезімі туады.

Ұрыста өмір ешкімге сыйға берілмейді, жеңіп алынады.

Өзін-өзі сақтау инстинктінің екі жағы бар: ол қорқақтықты да тудыруы ықтимал, бірақ көпшілік жағдайда ол ерлікті тудырады.

Табандылық – батылдық қалқаны.

Кім қорғана алмаса, сол өледі.

Өмір үшін күрес – ұрыстағы қорғаушы күш.

Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.

Өтірік – ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.

Абсолютті батыр да, абсолютті қорқақ та жоқ.

Бүгінгі іс-әрекетіміздің сәтсіздік тәжірибесі, ертеңгі күнгі сәтті ісіміздің хабаршысы болуға тиіс.

Біздің нақты болмысымыз – шындық.

Шындық ақиқатты түсіндіруші.

Шындық – бас шабатын айбалта, бұл өтіріктің тамырын шабатын айбалта.

Жеңіс өздігінен келмейді.

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз басты белгісі.

Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.

Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.

Жеке және қоғамдық өмірде адам қасиеттеріне соғыс әсер етпей қоймайды.

Ұрыс жалған батырлықтың бет пердесін сыпырып тастайды.

Көкпар, бәйге, аударыспақ – батылдыққа, ептілікке баулитын, бұлшық етті шынықтыратын, құмарлықты оятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті өзінің ары мен тағы үшін өлімге бас тігуге дейін баратын дәстүрлі спорттық ойындар. Бұл ойындардың игілікті екендігіне ешқандай күдік болмауға тиіс.

Шын дос сыртыңнан мақтайды.

Сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды.

Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді.

Сауатсыз жазушының кейіпкері надан болып шығады.

Мақал, мәтел – өмір тәжірибесі.

Жас адамға жүрек – би.

Ит – ауыл есігінің қоңырауы.

Қазіргі әншілер қайғыны биге, қасіретті арзан күлкіге, мұңды қуанышқа айналдырып жіберді.

Қарт адам – ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *